Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:13, 11 Наурыз 2024

«Оскар - 2024»: Үздік туындылар анықталды

Үздік
Фото: AL SEIB/A.M.P.A.S. VIA GETTY IMAGES

Лос-Анджелесте 96-шы «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар барлығы 23 номинация бойынша анықталды.

Ал, Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» фильмі 13 номинация бойынша ұсынылып, оның жетеуінде «Оскар» алды. Фильм актерлік және операторлық жұмыс, режиссерлік, монтаждау және музыка бойынша үздік деп танылған.

Сонымен, «Оскар - 2024» жеңімпаздары: 

Үздік фильм – "Оппенгеймер";

Үздік актер – Киллиан Мерфи "Оппенгеймер";

Екінші пландағы үздік актер – Кіші Роберт Дауни "Оппенгеймер";

Үздік режиссер – Кристофер Нолан "Оппенгеймер";

Үздік актриса – Эмма Стоун "Бедные-несчастные";

Екінші пландағы үздік актриса – Давайн Джой Рэндольф "Оставленные";

Үздік анимациялық фильм – "Мальчик и птица" (Хаяо Миядзаки мен Тошио Судзуки);

Үздік операторлық жұмыс – Хойте ван Хойтема "Оппенгеймер";

Үздік костюмдер – Холли Уоддингтон "Бедные-несчастные";

Үздік деректі фильм – "20 дней в Мариуполе" (Мстислав Чернов, Мишель Мизнер, Рэйни Аронсон-Рат);

Үздік қысқа метражды деректі фильм – "Последняя ремонтная мастерская" (Бен Праудфут, Крис Бауэрс);

Үздік монтаж – Дженнифер Лэйм "Оппенгеймер";

Үздік шетел фильмі – Ұлыбритания "Зона интересов";

Үздік грим және шаш үлгісі – "Бедные-несчастные" (Надя Стэйси, Марк Кульер, Джош Уэстон).

Үздік саундтрек – What Was I Made For? ("Барби", Билли Айлиш және Финнеас О'Коннел). 

Фото: AL SEIB/A.M.P.A.S. VIA GETTY 

Тегтер: