Өңір

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

Өскемен қаласында, Назарбаев даңғылындағы бесқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды.

өрт

Екінші қабаттағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар отқа оранды. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 13 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Өрттің жалпы ауданы 13 шаршы метрді құраған. Денесін термиялық күйік шалған 1968 жылғы пәтер иесіне апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Кейін ол қаладағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Айта кетейік, жалынмен күреске жеке құрамнан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі – отпен абайсыз жұмыс істеуден болуы мүмкін.

 

Тегтер: Өскемен өрт
Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз