Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:47, 12 Шілде 2024

Отандық әуе компаниялары алты айда 5,5 миллион жолаушы тасымалдаған

k
Фото: ortkom

Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады.

Көлік министрлігінің ақпаратынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17%-ға артық.

Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады, делінген хабарламада.

Ал, халықаралық әуе қатынасында, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалады. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.