Қоғам

«Отбасы банк» қызметкерлері риелторлар мен клиенттерге баспана кезегіндегі орынды сатқан

«Отбасы банкте» бірқатар қызметкердің клиенттер мен делдалдардың мүддесін заңсыз ілгерілетіп, сыйақы алғаны анықталды. Банк аталған фактілерді жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Отбасы банк

Банк есебінде 2025 жылы қызметкерлер тарапынан бірнеше сыбайлас жемқорлық фактісі анықталғаны айтылған. Олар клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүддесін қолдау, сондай-ақ тұрғын үй кезегін жылжыту үшін заңсыз сыйақы алып отырған. Сонымен қатар филиалдардың біріндегі қызметкер клиенттердің несие қабілеттілігін растайтын жалған табыс құжаттарын дайындап, оларды несие рәсімдеуге қажетті құжаттардың қатарына қосқаны белгілі болған.

Банк басшылығы мұндай әрекеттерге барған қызметкерлерді қорғауға тырыспаған. Керісінше, анықталған фактілер бойынша құқық қорғау органдарына арыз берілген.

Қазір бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Заң бұзушылыққа қатысы бар қызметкерлермен еңбек шарттары жұмыс берушінің бастамасымен сенім жоғалуына байланысты тоқтатылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз