Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 16 Ақпан 2024

Өзбекстан Ресейге қарсы қаржылық санкцияларға қосылмақшы

Өзбекстан
Фото: из открытых источников

Өзбекстан билігі де-факто Ресейге қарсы қаржылық шектеулерге қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл санкциялардың ауқымы мен фигуранттары жалпы 11 мың адам мен компанияларды құрайды.

Ресейлік "Ведомости" басылымының жазуынша, Өзбекстан Парламенті санкция салынған жеке азаматтар мен заңды тұлғаларға банктік операцияларды пайдалануға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған.

Бұл бастама Өзбекстанға қарсы екінші реттік санкциялар енгізілуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты ұсынылды. Заң жобасы санкцияларға қосылып үлгерген Чехия, Латвия және Эстония сияқты елдердің тәжірибесін ескере отырып әзірленді және ұлттық Орталық банкке қосымша өкілеттіктер береді. Заң жобасының мақсаты – банк секторындағы санкциялық бақылаудың тиімділігін арттыру, деп атап көрсетті Өзбекстанның парламент мәжілісі.

Өзбекстан жанама санкцияларға ілініп кетуден сақтанып, осындай шешімге келген.