Без Категории

Өзбекстанда 70 жастағы науқас коронавирустан жазылды

Өзбекстанда 70 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты. Ташкент тұрғыны эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми зерттеу институтының кликасында емделген.

Өзбекстанда 70 жастағы науқас коронавирустан жазылды

Оған науқастардан вирус жұққан. Емделгеннен кейін тест алынып, науқаста коронавирус жоқ екені анықталған.

16 сәуірде Бұхара қаласындағы инфекциялық ауруханада емделген тағы 20 науқастың (10 ер адам, 10 әйел) айыққаны белгілі болды. 11-і — Ташкенттен, төртеуі Самарқанд облысынан, екеуі — Жизақ облысынан және үшеуі — Қашқадария, Науаи, Ташкент облыстарынан. Ең үлкені — 57 жаста, ең кішісі — 21-де. Барлық науқастар Бұхараға Түркиядан ұшып келген. Коронавирус анықталғаннан кейін облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған болатын.

Өзбекстанда коронавирустан 129 адам айыққан. 4 адам қайтыс болған. Барлығы 1349 адамнан коронавирус табылған.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз