Без Категории

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 1900 адамнан асты

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 сәуірде жариялаған ресми мәліметінше елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 1924 адамға жеткен.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 1900 адамнан асты

Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар 20 адамға көбейген. Өзбекстан билік орындары індет тарағалы 892 науқас айықты деп хабарлайды. COVID-19 салдарынан 8 адам қайтыс болған.

Шет мемлекеттерде коронавирус жұқтырған 73 өзбек азаматының төртеуі (АҚШ-та — 3, Ресейде — 1) қайтыс болған. Ресейде Өзбекстанның 42 азаматына вирус жұққаны анықталған.

Сәуірдің 21-іне Өзбекстан да коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын мамырдың 10-ына дейін ұзартқан.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз