Панама: Канал АҚШ үкіметінің кемелері үшін де ақылы болады
Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың Панамаға сапарынан кейін АҚШ үкіметі кемелеріне Панама каналы арқылы тегін өтуге рұқсат берілетінін хабарлады. Бірақ Панама әкімшілігі бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды.
Бейсенбі, ақпанның 6-сы күні Панама каналының әкімшілігі Вашингтонның АҚШ үкіметінің кемелеріне Панма арқылы тегін өтуге рұқсат етіледі деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Осы гидротехникалық құрылысты күтіп ұстауға және басқаруға жауапты Панама мемлекеттік мекемесінің мәлімдемесінде: "Панама каналын пайдаланғаны үшін ақы төлеу ережелеріне ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Дегенмен, әкімшілік американдық әскери кемелердің өтуіне қатысты америкалық тараппен диалог жүргізуге дайын" деп жазылған.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті әлеуметтік желідегі X аккаунтында АҚШ үкіметінің кемелерінен Панама каналы арқылы өткені үшін ақы алынбайтынын жазған болатын.
«АҚШ үкіметінің кемелері енді Панама каналы арқылы ақылы тегін өте алады. Осылайша АҚШ үкіметі жылына миллиондаған доллар үнемдейді», - делінген хабарламада.
АҚШ пен Панама қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті
Сол күні Панама президенті Хосе Рауль Мулино мен Пентагон басшысы Пит Хегсеттің келіссөздері нәтижесінде тараптар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Панама Қытаймен арадағы канал жобасынан бас тартты
2 ақпанда Марко Рубио Хосе Рауль Мулиномен кездесуінде Қытайдың Панама каналына ықпалына көңілі толмайтынын білдірді. Мемлекеттік департамент басшысы «қазіргі жағдайды қабылдауға болмайтынын және егер ол дереу өзгертілмесе, Америка Құрама Штаттары өз құқықтарын қорғау үшін шаралар қабылдауы керек» деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс.
Сол күні Мулино Вашингтонмен диалогты оң деп атады. Канал панамалықтардың бақылауында және бұл мәртебе өзгеріссіз қалатыны сөзсіз, деді Панама президенті.