Live

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, 120 тонна мұнай өнімі жанды

Қызылордадағы Шоқай көшесінде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Қызыл жалын әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуарды шарпыған. Яғни жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі өртенген.

1

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 қыркүйекте резервуарлар ашық жалынға оранып, өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қызметтердің мамандары жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Құтқарушылар көршілес резервуарларды қорғау мақсатында жылжымалы лафеттік оқпандарды қолданып, өртті арнайы көбікпен сөндірген. Сонымен қатар оқиға орнына өрт сөндіру пойызы да жіберілді.

Өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Тегтер: Мұнай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз