Live

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы қызға тиіскен деген күдікке ілінді

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы қызға тиіскен деген күдікке ілінді

такси қазақстан

Алматыда кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық әрекетін жасады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полицияға қыздың анасы арызданған. Жасөспірімнің айтуынша, таксимен келе жатқанда жүргізуші оған рұқсатсыз қол тигізген. Межелі жерге жеткен соң қызды көліктен шығармай ұстап қалып, сүймек болған.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: қылмыс
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз