Парижде Трамп Зеленскиймен не туралы сөйлескен?
Парижде Макрон мен Зеленскиймен кездесуінде Дональд Трамп Ресеймен келіссөздерді бастау қажеттігін айтты, деп жазады Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Зеленский болса, қауіпсіздік кепілдіктері туралы айтты.
Желтоқсанның 7-сі күні Парижде өткен кездесуде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украинада дереу атысты тоқтату және соғысты тоқтату үшін келіссөздерді бастау қажеттігін қадап айтты, деп хабарлады сейсенбі, 10 желтоқсанда Reuters келіссөздер барысынан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап.
Франция президенті Эммануэль Макрон Трампты шақыра отырып, Трамптың Мәскеудің шарттары бойынша соғысты тоқтату әрекетіне алаңдаушылық білдірген кезде онымен қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, деп атап өтті агенттік.
Макронмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен шамамен 35 минутқа созылған келіссөздер кезінде Дональд Трамп «достық, сыйластық көрсетіп, тыңдауға дайын екенін білдірді», бірақ Киев пен Мәскеу арасындағы мүмкін бейбітшілік туралы өзінің көзқарасын ашпады.