Оқиғалар

Павлодарда жедел жәрдем көлігі зейнеткерді қағып кетті

Павлодар қаласындағы Академик Сәтбаев көшесінде орналасқан реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде реанимобиль 76 жастағы әйелді қағып кетті.

Павлодар

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, көлік бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Жүргізуші арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосып, өткелден өтіп бара жатқан кезде зейнеткер әйел жолға шыққан.

Оқиға орнында «103» қызметкерлері зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр. Оған екі сирағының сынуы, сондай-ақ денесінің түрлі жерінің көгеруі мен сырылуы диагнозы қойылған.

Жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз