Оқиғалар

Павлодардағы ХҚКО-да ресейлік азамат жанжал шығарған

Павлодар қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде Ресей азаматы жанжал шығарған.

Ресей азаматы

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мекеме ішінде қатты сөйлеп, өзін әдепсіз ұстаған. Орталыққа келген азаматтардың бірі оған ескерту жасап, тыныштық сақтауды сұраған. Алайда осыдан кейін екі тараптың арасында жанжал шыққан.

Жағдайды реттеуге ХҚКО қызметкерлері араласқанымен, ер адам сабырға келмей, келушілер мен қызметкерлерге дауыс көтеруді жалғастырған.

Әлеуметтік желілерде соңғы уақытта Қазақстанға келген кейбір Ресей азаматтарына қатысты даулы оқиғалар жиілеп кеткені қызу талқыланып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз