10:55, 04 Шілде 2024
Песков: Ердоған Украинамен келіссөздерде делдал бола алмайды
Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуінде Украина тақырыбы талқыланды, бірақ түрік басшысы келіссөздерде делдал бола алмайды, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Песков Бірінші арнаға берген сұхбатында "Ердоғанның Украина бойынша келіссөздерде делдал болуы мүмкін бе" деген сауалға «Жоқ, бұл мүмкін емес» деп жауап берді.
Кремль өкілі екі ел басшыларының Астанадағы кездесуінде Украина тақырыбы талқыланғанын растады. «Иә, бұл талқыланды», - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Путин мен Ердоған сәрсенбі күні Қазақстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында келіссөздер жүргізген болатын.