Песков: Назарбаев мәлімдеме жасамай тұрып Путинмен сөйлесті
Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы жайлы мәлімдеме жасалмай тұрып бірнеше сағат бұрын білген.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты деп хабарлайды ресейлік ria.ru сайты.Песковтың айтуынша Назарбаев Путинге өзі телефон соққан.Нурсултан Әбішұлы өзі қоңырау шалды. Негізі, олар керек кезінде жиі телефонмен сөйлеседі. Соңғы жылдары ылғи осылай болып келді. Ол мәлімдемеден бұрын бірнеше сағат бұрын қоңырау соқты, — дейді Песков «Москва. Кремл. Путин» бағдарламасына берген сұхбатында. Сондай-ақ, Песков жақын арада Путин Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, біраз мәселелерді талқылайтынын айтады. — Қазақстан Ресейдің стратегиялық маңызы зор әріптесі саналады. Жақын арада өте маңызды есептелетін кездесу өтетініне ешқандай күмән жоқ, — дейді баспасөз хатшысы. Еске салсақ, 19-наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметін тоқтататыны туралы мәлімдеме жасаған. Бұдан кейін Қазақстан президенті болып бұрынғы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды.Фото: sputniknews.kz