Қоғам

Петропавлда түнгі клубта кәмелетке толмаған жасөспірім пышақ жарақатын алды

Петропавлдағы «5/15» түнгі клубында кәмелетке толмаған жасөспірім мен бірнеше азаматтың қатысуымен төбелес болып, екі адам пышақ жарақатын алған.

Жасөспірім

Оқиға алдымен 20 жастағы жігіт пен кәмелетке толмаған келушінің сөзге келуінен басталған. Артынша жанжал төбелеске ұласып, 20 жастағы жігіт жасөспірімді залдың ішінде ұрып жіберген. Оларды күзетшілер мен басқа келушілер ажыратып үлгерген. Алайда жанжал мұнымен аяқталмаған.

Жасөспірім клубтан шығып, кейін қайта оралған. Ол ғимаратқа кірмек болған кезде қарсыласына артынан келіп, пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан жігіттің оң жамбасынан төрт, оң иығынан үш жарақат түсті. Кейін жанжалға үшінші адам араласып, гардеробта кәмелетке толмаған жасөспірімнің кеуде тұсына пышақ сұққан. Оқиғаға қатысушылардың арасында бұрын бірнеше рет сотталған азаматтың болғаны да белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен («Бұзақылық») қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Құзырлы органдар жанжалдың барлық мән-жайын анықтауда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз