Пойызда жолаушыны зорлады деп айыпталған жолсеріктерге үкім шықты
Бүгін, 26 шілдеде Қостанай соты "Тұлпар-Тальго" пойызында ақтөбелік әйелді зорлады деп айыпталған екі жолсерікке үкім шығарды.
Судья Оразбай Сатыбалды айыпталушылар Жетес Үмбеталиев пен Қолғанат Құрманиязовты Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі ("Зорлық") бойынша кінәлі деп танып, 2,5 және 2 жыл үш айға соттады. Мұның алдында прокурор оларды алты жылға соттауды сұраған еді.
Үкімге сәйкес, айыпталушылар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді. Сотталушылар сот залында қамауға алынды.
Қылмыстық іске түрткі болған оқиға былтыр қыркүйек айында болған. Тергеу орындарының құжатына сәйкес, Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бару үшін "Тұлпар-Тальго" пойызына мінген жолаушыны түнде купеге өз кілттерімен кірген жолсеріктер зорлаған. Кейін жәбірленуші "НеМолчиKZ" қоғамдық қорынан көмек сұраған. Ал қор жетекшісі Дина Смаилова бұл оқиға жайлы өзінің Facebook парақшасына жариялағаннан кейін көпшілік назар аударды.
Дина Самилова бүгінгі үкімге көңілдері толмайтынын, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтады. Ол айыпталушылар "120-баптың — топ болып зорлаған деген ауырлау бөлігі бойынша жазаға тартылуы керек" деп санайды.
"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c = 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState = «uninitialized» || d.readyState = «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);Белсендінің сөзінше, жәбірленуші сотқа қатыса алмаған, ол ауруханада емделіп жатыр.
Telegram бізге жазылыңыз