Оқиғалар

Полиция инспекторы 72 жастағы қарияны өрттен құтқарды

Әуезов ауданы, полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Бектемір Қауымбаев 72 жастағы қарияны өрттен құтқарып қалды.

Полиция инспекторы 72 жастағы қарияны өрттен құтқарды

Полиция инспекторы кезекшіліктен қайтып келе жатқанда Әуезов ауданы, Лазерова көшесінедігі 79 үйдің өртеніп жатқанын көрген.

Бектемір Қауымбаев бірден үйдің көршілерін оятып, Әуезов аудандық жедел басқару орталығына хабарласқан. Үйдің шатыры жанып жатқанын көрген инспектор  дереу іште қалған адамдарды  өзі құтқаруға кіріседі. Өртенген үйдің ішінде үш адам болған. Олардың екеуі өрттен опат болды. Ал 1948 жылғы Александр Никулинді инспектор Қауымбаев құтқарып үлгерген.

Қазір 72 жастағы қарияның жағдайы жақсы.

Біз өз кезегімізде бейбіт күнде осындай ерлік жасап жүрген полиция қызметкеріне ризашылығымызды білдіргіміз келеді.  Сын сағатта өзінің басына төнер қауіпті ойламастан міндетін қалтқысыз орындап, көмекке даяр тұратын осындай азаматтардың абыройы арта берсін дейміз...

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз