Без Категории

Полиция Нұр-Cұлтандағы наразы аналарды қоршауға алды

Нұр-сұлтан қаласында таңертеңнен бері наразылық білдіріп жатқан көп балалы аналарды полиция қоршауға алды.

Полиция Нұр-Cұлтандағы наразы аналарды қоршауға алды

Олар Ақорданың алдындағы алаңда тұр. Ондаған аналар егер кешкіге дейін президент пен үкімет жетекшісі келмесе өздерінің аштық жариялап, тұрған жеріннен кетпейтіндерін айтады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев "полиция жасағы аналарды неге қоршауға алды" деген сұраққа адамдардың қауіпсіздігімен байланыстырып жауап берді.

— Адамдар келген соң үкімет өкілдері шығып бәрін түсіндірді. Енді адамдар түсініп заң ретінде қарау керек қой. Мына алаңда біреуге қастандық істеп кетсе не болады?! Біздің қызметкерлер бұл кісілер тарағанша тұрады, — деді полиция өкілі.

Жиналған аналарға кей тұрғындар су әкелді, бірақ полицейлер олардың суын алып өзін қоршауға өткізбей қойды. Бірақ олардың не үшін жібермегенін полицейлер түсіндірмеді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз