Без Категории

Полиция: Нұр-Сұлтанда 21 қыркүйекте елу шақты адам ұсталды

21 қыркүйекте Қазақстан астанасында полиция елу шақты адамды көшеден ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген.

Полиция: Нұр-Сұлтанда 21 қыркүйекте елу шақты адам ұсталды

Бұл туралы бүгін, 23 ққыркүйекте ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы Ерлан Сәденов хабарлады.

"Прокуратура өкілдерінің бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан, рұқсат етілмеген митингіге шығу туралы арандатуға ерген бірнеше азамат өзге адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс әрекеттерге барған. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу үшін заңда қарастырылған шаралар қолданды" деді ол.

Оның сөзінше, өткен сенбіде Нұр-Сұлтанда көшеден ұсталған 50 шақты азамат полиция бөлімшелеріне жеткізілген. "Олардың төртеуі әкімшілік жауапқа тартылды, қалғандары профилактикалық әңгімеден соң босатылды" деді Сәденов.

Бұған дейін билік орындары 21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Алматыда 57 адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз