Аймақ

Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады

Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасының ережелерін бұзған 379 азаматты анықтады.

Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыс аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ Республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді камтамасыз ету мақсатында «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның алғашқы 2 тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ел аумағынан кету ережелерін бұзған жалпы — 379 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде шетелдіктер — 263, Қазақстан Республикасының азаматтары – 116.

Заң бұзғандардың 17-сі ел аумағынан аластатылды. Ал шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 106 Қазақстан  азаматы анықталды. Олар ӘҚБтК 518-бабының «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тегтер: Без Тега
Бақытжан Әбдірашұлы
Бақытжан Әбдірашұлы Бақытжан Әбдірашұлы

Оқыңыз