Без Категории

Полицияға бағынбады деп айыпталған алматылық белсенді 4 күнге қамалды

27 қыркүйекте Алматы қалалық мамандандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "полицияға бағынбады" деп айыпталған алматылық белсенді Болат Смағұловты төрт тәулікке қамады.

Полицияға бағынбады деп айыпталған алматылық белсенді 4 күнге қамалды

Оған Әкімшілік кодекстің 667-бап 1-тармағы бойынша ("Полиция талабына бағынбау") айып тағылған.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 21 қыркүйек күні "рұқсат етілмеген митингі орнында" оны ОМОН ұстаған кезде қарсылық көрсеткен. Ал айыпталушының өзі бұл күні "митингіге емес, жұмысқа бара жатқан жерінен арнайы жасақ өкілдері ұстап әкеткенін" айтты. Істі судья Еділова қарады.

Алматылық белсенді Қанат Жақыпов бүгін таңертең Facebook-тағы парақшасында Болат Смағұловты кеше, 26 қыркүйекте полиция ұстап, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізгенін жазған.

21 қыркүйекте полиция елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы белгілеген "митингі орындарында" ресми дерек бойынша шамамен 100 адамды ұстаған. "Рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны" үшін полицияға жеткізілген адамдардың көбін полиция босатқан. Оннан астам адамды әкімшілік жазаға тартты. Оқиға кезінде полицияның бейбіт шерушілерге дөрекі күш қолданылғаны хабарланды.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Болмаған митингі: Жылаған бала, протез аяқ және қолшатыр» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Болмаған митингі: Жылаған бала, протез аяқ және қолшатыр please wait Embed Бөлісіңіз
Болмаған митингі: Жылаған бала, протез аяқ және қолшатыр
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30176783.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00 Жүктеп алу

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси реформа жасауға шақырды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз