Қоғам

Politico: ЕО Украинаға мүшелікке дейін бірқатар жеңілдіктер ұсынбақ

Еуроодақ Украинаға толыққанды мүшелікке қабылдауды жеделдету идеясы жүзеге аспағандықтан, Киевке аралық кезеңде экономикалық және саяси жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр.

ЕуроОдақ

 Бұл туралы Politico басылымы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, «жедел кезеңдік интеграция» деп аталатын бұл ұсыныс Украинаға Еуроодақтың бірыңғай нарығына кеңірек қолжетімділік беруді және ЕО бағдарламалары мен институттарына тереңірек қатысуды көздейді.

«Кері кеңею» идеясына сын айтылды

Наурыз айында Еурокомиссия ұсынған «кері кеңею» бастамасы – яғни реформалар толық аяқталмай тұрып Украинаға мүшелік беру – бірқатар елдер тарапынан қолдау таппады.

Әсіресе Германия мен Франция бұл идеяны сынға алды. Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға ЕО-ға тез арада кіру «мүмкін емес» екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Киевке Еуроодақ кеңесінің отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысу мүмкіндігін беруді, сондай-ақ Еуропарламент сияқты институттардың жұмысына араласуын ұсынды.

Аралық статус ұсынылуы мүмкін

Украинаны қолдайтын тараптар оған «мүшелікке үміткер мемлекет» мәртебесіне ұқсас арнайы статус беруді де қарастырып жатыр. Мұндай мәртебе әдетте ЕО-ға кіру туралы келісімге қол қойған, бірақ әлі ратификация процесі аяқталмаған елдерге беріледі.

Бұл ұсынысты Литва көтерген.

Киевтің талабы – нақты экономикалық пайда

Украина қазіргі таңда нақты экономикалық қолдауды күшейтуді талап етіп отыр. ЕО-дағы Украина елшісі Всеволод Ченцов: бірыңғай нарыққа кезең-кезеңімен қолжетімділік, ЕО бағдарламалары мен институттарына кеңірек қатысу өндірістік стандарттарды өзара тану туралы ACAA келісімін жеделдету сияқты ұсыныстарды алға тартты.

Бұл келісім Украина мен Еуроодақ арасында тауарлардың қосымша тексерусіз өтуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Киев компанияларын көлік жасау, металлургия және химия салаларындағы Еурокомиссияның стратегиялық диалог бағдарламасына қосуды сұрап отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз