Саясат

Президент Асқар Маминді кеше түнде тағайындап қойған ба?

Бүгін жаңа үкімет басшысы тағайындалды. Әуелі президент Н.Назарбаев мәжілістің пленарлық отырысына қатысты.

Президент Асқар Маминді кеше түнде тағайындап қойған ба?

Сол жерде үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс бірауыздан мақұлдады. Кейін Асқар Маминді прьемер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлық шықты. Мұның бәрі бүгін түске дейін болды. Алайда, Ақорданың баспасөз қызметінің твиттерде жариялаған хабарламаларының бәрі өткен түнгі уақытпен тұр. Мәселен, Асқар Маминнің кандидатурасын Мәжіліс депутаттарының бірауыздан қолдайтынын Ақорданың баспасөз қызметі кеше түнде, сағат  22:50 білген болса,

      

Маминді тағайындау жөніндегі бұйрыққа президент кеше түнде сағат 22:51 қол қойып тастаған.

Сондай-ақ, Ақорданың твиттеріне қарасақ, баспасөз қызметі президенттің депутаттар алдында не сөйлейтінін де білген. Ол да кеше түнде белгілі болған екен.

Әрине, президент қызметі арнайы протоколмен бекітіліп, алдын ала белгіленіп, жүріс-тұрысы, қайда баратыны, кімдермен кездесетіні жоспарланып отыратын болса да Ақорданың баспасөз қызметінің бүгінгі ауыс-түйісті кешегі уақытпен шығаруы бәрінің алдын ала шешіліп қойғанынан хабар береді. Демек президенттің мәжіліске баруы, депутаттардың Маминнің кандидатурасын қолдауы, бұйрыққа лезде қол қойылу бәрі-бәрі қоғамға — сырт көз үшін жасалған жай ғана формальді дүние болып шығады. Естімеген елде көп, әлемде талай қызық бар деген — осы.

Фото ғаламтордан алынды.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз