Live

Президенттер Мұхтар Шахановтың қазасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының көрнекті перзентінің дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мұхтар Шаханов

«Мұхтар Шаханов – бар ғұмырын сөз өнеріне арнаған бірегей тұлға еді. Ол ұлттық поэзияны жаңа биікке көтеріп, отандық әдебиет пен мәдениеттің көкжиегін кеңейтті. Ана тілінің тағдырына шынайы жанашыр болған қаламгер осы бағыттағы көптеген маңызды бастамалардың бастауында тұрды. Саналы ғұмыр кешіп, мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», - делінген жеделхатта.


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Мұхтар аға тек бауырлас қазақ халқының тірегі ғана емес, сонымен қатар көпмиллионды қырғыз халқы үшін рухани ұстаз болды. Қырғыз жұртшылығы тағы бір биік тұлғасынан, тағы бір рухани тірегінен айрылып, жүрегінің бір бөлігін жоғалтқандай ауыр қайғыны бастан кешіп отыр», - деп жазды Жапаров.

Ақынның жаназасы қайда өтеді?

Қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Марқұмды еске алу асы сол күні сағат 13:00-де LuxHall банкет залында (Достық даңғылы, 341/1) ұйымдастырылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз