Әлеумет

Президенттік жастар кадр резерві: Әкімдіктен бас тартқан кім?

Республикалық «Жас Алаш» газетіндегі (27.03.2020 ж.) «Тартажесең тай қалар...» атты сараптамалық мақаламызда бүгінгі қоғамның иығынаауыр салмақ түсіріп отырған мемлекеттік басқару аппаратының өте үлкендігін, тиімсіздігінәрі уақыт көшіне ілесе алмай, тізгінді мүлде бос жіберіп алған азусыздығын сынтезіне алған едік.

Президенттік жастар кадр резерві: Әкімдіктен бас тартқан кім?

Еліміздегі 92 240 мемқызметкердіңжалақысын өсіруді тоқтатуды және шенеуніктердің қатарын 25 пайызға қысқартуды бүгіннен бастауды ұсынғанбыз. Экономистмамандардың пікірінше, жалақыны үнемдеудің өзіненғана 980 млрд теңге қаражатбюджет қоржынында қалады екен.

Осыған орай, басылым бетінде айтылған нақтыой-ұсыныстарымыздың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынаіліккенін және алдағы уақыттамемлекеттік басқару саласында реформа жүргізілу басталатынын естіп, іске сәтдеп отырмыз. Шынында да, «Бізгекез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешім қабылдайтын, жаңартылған, тиімді әрімықты мемлекеттік аппарат қажет», – деген президенттің қадамы ел келешегіне деген сенімді ұлғайтатүседі. 

Дегенмен ел болып ойласатын осал тұстарымыз әлі де аземес.  Соның бір парасы – мемлекеттік қызметке деген жастардың құлықсыздықтанытуы. Неліктен?

                                     

         ӘЛҚИССА

«О заман да бұ заман әкім болғысыкелмейтін кім ол соншама?» деп, өре түрегелетіндердің аптығын басу үшін бірденайтайын. Аптықпаңыздар, ол кейіпкеріміз халықаралық «Болашақ» бағдарламасыныңтүлегі, қазіргі уақытта президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған 300 жасмаманның бірі (топтық фотосуретте бар). Бірақжоғары жақтағы тізгін ұстарлар бұл әңгімемізді теріс түсініп қалмау үшін жәнеқарындастың келешек  тағдырына көлеңкетүспесін деген оймен есімін сәл өзгертіп отырмын.

Қысқаша айтсам, өзім жақсы танитынДанара көпбалалы отбасында өскен, қазақы дәстүрде тәлім-тәрбие алған, бесбаланың үлкені. Әкесі ұзақ жыл Алматыдағы «Ирбис» сыра зауытындавахтер-контролер болып, қазір еңбек демалысына шыққан. Анасы болса Семейполигонының зардабынан ба, денсаулығы сыр беріп, еңбектен сырт қалды. Солсебепті Данара төлдің үлкені ретінде үй тірлігіне ертерек араласты. Жастайынанбойға сіңген еңбекқорлық, өжеттік, бауырларына деген қамқорлық, бірде жетсе,бірде жетпейтін қоңырқай тұрмыс оны тез есейтті.        

Данараға бір сүйсінетінім,тіршіліктің осындай ауыр сынағына қарамастан, білімін әлсіреткен жоқ, қазақорта мектебін үздік бітірді. Абылай хан атындағы шет тілдер университетіне грантқа оқуға түскенде, қарағайдыңқарсы бұтағындай қатты мінезді әкесінің көзінен жас шығып кеткенін көргем.Кейінірек КИМЭП-ті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойыншабітіріп, одан кейін Англиядағы іргетасы 1883 жылы қаланған Кардиффуниверситетінде екі жыл білімін жетілдіріп келді. «Жобалау және әлеуметтану»магистрі дейтін мамандықты игеріп,  қазір«Самұрық-Қазына» ұлттық холдингінде инвестициялық жобаларды әзірлеу жөніндегі бір құрылымда аға менеджер. Бағынақарай, елордада өзімен қатарлас, деңгейлес, арқа сүйер азамат кездесіп, отбасынқұрды. Қазір бастауыш сыныпта оқитын екі ұланның анасы.

Әрине, мұның бәрі айтуға ғана оңай. Данарақызық-шыжығы аралас өмір белестерінің бәрін Абай айтқандай: «Өз күшіне – ақылымен қайратына»  сеніп бағындырды десем,артық бағалағаным емес. Ақиқаты сол. Сүйенері мықты 7000 үміткермен сайысқатүсіп, президенттік жастар кадрлық резервіне ілігу қарапайым зейнеткердіңперзентіне оңайға түспегені анық. Биік мақсаткерлік, намысқойлық бүгінгіжастардың бойынан жоғалып бара жатқан қасиет екені рас. Бірақ «көкенің қолдауынсыз іс бітпейді»дейтін өскелең ұрпақтың осылай ойлауына, өмір шындығына шарасыздық танытуынакінә арту да орынсыз болар. Қараңыз, кадрлық резервте кімдер отыр? Ығай менсығайдың балалары. Атырау облысы әкімінің ұлы Болат Досмұхамбетов, Қарағандыоблысы экс-әкімінің ұлы Азат Әбдібеков, «Халық банк» АҚ төрайымының ұлы СәкенШаяхметов, депутаттардың өрен-жарандары, аудан әкімдері, қалталыбизнесмендер…

Бұл мемлекеттік басқару саясатындаорын алған олқылықтардың салдарынан, бүгінгі қоғамда пайда болған «байлар» мен«кедейлер» жіктелісінің бір көрінісі. Иә, ащы болса да шындық. Төменгі таптаншыға алмай, өлместің күнін кешкен бауырларымыздың «барахолкада» арба сүйретіп,қыздарымыздың асханада ыдыс-аяқ жуып жүргенін кім білмейді? Олардың ауыртұрмысын «алтын құрсақты өрендер» (золотая молодежь) деп аталатын«болашақтықтардың» жағдайымен салыстыруға мүлде келмейді.

Міне, сол төменгі қайырсыз ортаданжұлқынып шығып, талап пен еңбектің арқасында жұлдызы жанған Данара өткен аптадателефон соқты.

– Аға, маған аудан әкімініңәлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлығын ұсынып отыр. Бас тартуға туракелді.

– Енді оң-солыңды зерделей алатынжасқа жеттің ғой, қалқам. Асығыс шешім қабылдамайтыныңды білем, әлі де жақсылапойлан.

– Ойланғанда, басында барғым келді.Сұрастырып көрсем, айлық жалақысы менің қазіргі алып жүргенімнен екі есе төменекен.

– Иә, білем ғой, естуімше, 400 мыңнан асады.

– Ол ең жоғарғы шегі ғой, аға. Алменің «госстажым» мүлде жоқ, сондықтан одан төмен алады екем.

– Апырай-ә! – дедім мен де шынқынжылып. Сүйікті кәсібі, біздің түсімізге кірмейтін еңбекақысы бар Данараға соныңбәрін тастап, аудан деңгейіндегі шенеунік бол деуге дәтім бармады. –Күйеубаламен ақылдасып көрсеңші.

– Ақылдастым. Ол да айтады: «Егерәкім ауысып кетсе, далада қаласың ғой» деп. Өткенде бір танысымыз министрліккебарып, басшылық ауысқанда қоса кетіп, бұрынғы қызметіне де орналаса алмай қалды.Сосын, біздің ипотекаға алған пәтеріміз бар. Оны қалай төлейміз?

– Ендеше, оның айтқаны да жөн шығар.Асықпа. Бір сәті болар.

         ҚАДІРІ ҚАШҚАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Енді сәлойланып көрейікші. Меніңше, Данараның әкімдікке барудан бас тартуына жалақыныңаздығы емес, ең алдымен, халық алдындағы абырой-беделі түсіп кеткен мемлекеттікқызметке деген сенімсіздік әсер еткен сияқты. Ал басқару органдарының абыройынтүсіріп жүрген кімдер? Сол өз ішіндегілер.

Айталық, биліктізгінін ұстаған жаңа әкім ең бірінші жұмыс күнін неден бастайды? Шенеуніктікортадағы жиырма жылдық іс-тәжірибемнен байқағанымдай, көмекшісі мен аппаратжетекшісін ауыстырудан бастайды. Бұл бұлжымас қағида. Бірер айдың ішінде бүкілорынбасарларын жаңартып шығады. Орынбасарлары өз  құзыреті шеңберіндегі салалық басқармалар мендепартаменттердің басшыларына шүйлігеді. Әрине, ортақ істің мүддесі үшін емес,өз адамдарын әкелу үшін. Ақыры есебін тауып кетіріп, түпкі мақсатына жетеді.Осылайша жеңұшынан жалғасу басталып, жемқорлыққа кең өріс ашылады. Оны халықкөріп-біліп отыр. Бірақ күресуге дәрменсіз. Қолдарында билікке ықпал ететіннақты тетік жоқ. Жасанды жолмен құрылған қоғамдық кеңестердің билікке ешқандайықпалы жүрмейді. Сондықтан билік дәліздеріндегі жемқорлықтың тамыры тереңгекетіп қалды. Қоғам өзегіне түскен бұл дерттің асқынғаны соншалық – әлемдітітіреткен коронавирустан да қауіпті бола бастады.

Мысал керек пе?Алыстан іздемей-ақ, кеше ғана 3,5 жылға сотталған Павлодар облысының бұрынғыәкімі Болат Бақауовты алыңыз. Қызмет бабын асыра пайдаланған ол туысыбасқаратын «AksuTransLogistik»кәсіпорныарқылы ірі көлемдегі қаржының бюджетке құйылуына кедергі келтірген. Соңғыақпаратқа сүйенсек, келтірілген шығынның 165 млн теңгесі қайтарылған деседі.Анық-қанығы бір Құдайға аян. Бастысы, жеңіл құтылыпты. Бір тоқты үшін бес жылдыарқалап кеткен бозбаламен салыстырғанда үш жарым жыл деген не тәйірі?!

Сол сияқтыҚызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың да сөзі мен ісі қабыспайтұрғанын естіп жатырмыз. Ол наурыздың басында үлкен жиын өткізіп, 2019 жылдыңқорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық 19 пайызға азайғанын айтып,сүйінші сұрағандай болыпты. Ал одан соң не болды? 28 наурызда әкімнің өзі «асаірі көлемде алаяқтық жасады» деген күдікпен үйқамаққа алынды. Әлеуметтікжелінің хабарлауынша, Арыс тұрғындарына арналған миллиондарды сыбайластарыарқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Бірақ сот органдары ол ақпараттырастамады не жоққа шығармады.

Бізде үнемісолай. Қармаққа ұсақ шабақтар түссе, о бейшараның тауық қорасына дейін көрсетіпшулап қоя береміз. Ал ірі шортандар іліксе, ойпырмай, жатқан бір «мемлекеттікқұпия». Айтуға болмайды. Болмайды! Ал жемқорлыққа тұсау салудың ең төте жолыашықтық екенін сот шіркіндер неге ұмытады екен десеңізші?!

Жалпы, елқазынасына қол сұғу халықтың әлеуметтік тұрмысына, әл-ауқатына тікелей әсерететінін ойласақ, ашықтықты талап етуіміз өте орынды. Мысалы, Алматықаласындағы Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев сыбайластарымен бірге«Өңірді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген қаржынымерекелік іс-шаралар өткізуге жұмсап жіберген. Сот үкімімен 41,6 миллион теңгеайыппұл төлеп, басын аман алып шығыпты деседі. Анық-қанығы «жеті құлыптың»астында. Есесіне әкім құтылғанымен, олардың ұйымдасқан әрекетінен жапа шеккентұрғындардан ұйқы қашты. «Нұрлы жер» бойынша салынған екі бірдей тоғыз қабаттыүйдің қабырғалары қисайып, мыңдаған алатаулықтар қазір үрей үстінде. Бөлінгенқаржы орта жолда қолды болған соң, «Өжет», «Дархан», «Қарасу» сияқты шағынаудандардыңкөшелері бомба түскендей жұлым-жұлым.

Міне, осыбір-екі мысалдың өзінен-ақ президент сеніп қойған жергілікті жердегіөкілдерінің мемлекеттік қызметкер этикасына сыймайтын ашқарақтық тірліктерінанық аңғаруға болады. Ең өкініштісі, істі болған әкімдер жалғыз кетпейді,орынбасарларын да өзімен бірге сүйрете кетеді. Бастапқы құжаттарды тікелейдайындайтын да, алдымен қол қоятын да солар болғандықтан, еріксіз қосақарасында кетуі де мүмкін. Бәрі мүмкін. Ендеше, биліктегі осындай сорақылықтардыкөріп отырған жастар көзі жұмылып қалмаса, орынбасарлыққа өлсе бара ма? Әрине,жоқ.

Иә, кадрлықрезервтегі жастардың елде не болып жатқанын жақсы біліп отырғанында дау жоқ.Заман өзгеруде. Инновациялық технологияларенгізіліп, басқарудың жаңа үрдісі көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Өзгергісікелмейтін тек Қазақстан ғана ма дерсің. Себебі Кеңес өкіметі кезінен сүлдерінсүйретіп келе жатқандар басып алған мемлекеттік басқару аппараты тұтастай«қартайды». Тумысында мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы маркетинг пенменеджмент негіздерін естімеген, білмеген қариялардан жаңалық күтудің өзіартық. Ендігі жерде олардың заман тудырған қиындық пен тығырықтан қалай шығудыңжолдарын көрсетуге қауқары жетпесі анық. Кеңседен шықпайтын әміршіл басшылардыңкесірінен экономика шайқалды, зауыт, кәсіпорындар тоқтап қалды, елді мекендердісу алып жатыр, диқаншылардың өнімдері жерге көмілуде.

Мұндай көңілсізкөрініс аттап бассаң алдыңнан шығады. Мысалы,Түркістандағы қарапайым шаруалардың жағдайы. Кезінде ауыл шаруашылығынбасқарған министр, бүгінде осы облыстың тізгінін ұстаған Өмірзақ Шөкеевауылдағы фермерлер өсірген 250 мың тонна капустаның жырын айтып, жаһанға жарсалды. Үкіметтен көмек сұрап, шарасыздық танытты. Ал, енді, осыдан келіп сұрақтуындайды. Жалғыз Түркістан емес, (тұтас елде) күтпеген форс-мажор болуыықтимал екенін бұл кісі кезінде министр болып тұрғанда неге болжамаған?Ықтималдықтың алдын алу жобаларын, оның ішінде өнімді қабылдау-таратулогистикалық орталықтарын неге жасамаған? Қолда тұрған ырыс халыққа негежетпейді?  

Оның себебін белгілі экономист Атамұрат Шәменов былай дептүсіндіреді: «Қазақстан – аграрлы ел. Бірақ бізде мемлекетті дамытатын аграрлықсаясат жоқ. Бір министр келіп бір бағытты айтады, екіншісі басқа бағытқасүйрейді. Жүйесіздіктің зардабын тұтас халық тартып отыр» («ЖА» 20.05.2020 ж.).

Рас, сарапшы-ғалым айтқандай, мемлекеттік басқару салаларындасабақтастықтың жоқтығы, иек астындағыны болжай алмайтын біліксіздік, тамырытереңге кеткен жүйесіздіктің салдары, міне, көзге ұрып тұр. Маңдай терменөсірілген өнім ысырапшылдыққа ұшырады. Диқандар орасан шығынға батты. Еліміздіңалғашқы премьер-министрі Сергей Терещенконың «үкімет шіріп кеткен 300 мың тоннакапустаны көму үшін 2 млрд теңге қаржы жұмсады» деп өкініш білдіруі көпшикіліктің артын ашып берді. Әрине, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығыбасқармасы «бұл бөлінген қаражат өнімді көмуден басқа мақсаттарға дажұмсалатынын» айтып ақталған екен. Мәселе онда емес. Мәселе іс басындағыжауапты кадрлардың уақыт ағымына ілесе алмай, сансырап жаһандық көш соңындақалғанында болып тұр. Бұдан кейін мемлекеттік органдардың абырой-беделін кімненсұрайсың?Өңірлерді басқару ісіндегі осындай келеңсіздіктерден шаршаған президенттің:«Бізге кез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешімқабылдайтын, жаңартылған, тиімді әрі мықты мемлекеттік аппарат қажет», – дегеншешімі алдағы өзгерістердің бастамасы деп ойлаймыз.

         КАДРЛЫҚ ЖАСТАРРЕЗЕРВІН ЖАҢҒЫРТУ

Президенттің кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы көздеген бастымақсаты басқару органдарын оңтайландырып, барлық салада заң үстемдігін орнатуарқылы елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету екені түсінікті. Бізде мемаппараттаістейтіндерді қорғайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» заң бар. Онда мемлекеттікқызметтің қағидаттары, лауазымдар иерархиясы, қызметшілердің әлеуметтіккепілдіктері белгіленіп, құқықтық мәртебесі көрсетілген және сыбайласжемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілген.

Алайда көп жағдайда лауазымды шенеуніктердің заң талаптарын сақтайбермейтіні, қарамағындағы кадрларды құлша жұмсайтыны, содан барып мемлекеттікбасқару органдарындағы моральдық хал-ахуал ушығатыны жасырын емес. Өз кезегіндебұл теріс құбылыс тұтас қоғамның деградацияға ұшырауына апарып соқтыруы ықтимал.Сондықтан кешегі әміршіл жүйенің қасаң қағидалары басынан бақайына дейін сіңіпқалған «ескі гвардияны» жаңа заманғы тың күшпен ауыстыру – уақыт талабы. Мұныбарша жұрттың қолдайтыны сөзсіз.

Бірақ, бірден айтайын, шетелде білім алып, озық өмір жетістіктерінің дәмінтатып қалған және ірі компанияларда жұмыс істейтін жастар президент, парламент,үкімет, министрліктердің аппараты болмаса, өңірлерге аяқ баспайтыны белгілі.Оларды күштеп жібере алмайсың. Қазақта «Зорлап қосқан тазы түлкі алмайды»дейтін тәмсіл бар. Ал сонда кімді жіберміз?

Оның бір ұтымды жолы бар – президенттің кадрлық жастар резервін жаңғыртунемесе дамыту. Біз қазіргі құрылымды шартты түрде І деңгей деп есептейік. Осыүлгіде облыстық және аудандық басқару органдарында ІІ деңгейлі кадрлық жастаррезервін құруды ұсынамыз. Бұл үздік нәтижелерге қол жеткізген және тұрақтытүрде кәсіби деңгейін арттырып отыратын мемлекеттік қызметшілерді ілгерілетугемотивация береді. Әрі төменнен шыңдалып өскен жас маманның аудан әкімініңорынбасары лауазымына қуана-қуана баратынына кәміл сенімдімін.

Ресми дерекке сүйенсек, еліміздегі 30 жасқа дейінгі85 мыңдай жас жұмыссыз екен. Әрине, олардың арасында білімге емес, білекке, ЖОО-дансатып алған құжатына малданып жүргендер баршылық. Бірақ бәрін бірдей қатардансызып тастауға болмас. Шынымен іздестірсек, дипломды жастардың ортасындада іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті ашылмай, елеусіз қалған таланттар аземес. Оларға да мемлекеттік қызмет саласында бақсынап көруге мүмкіндік беру қажет. Ол мүмкіндікті беретін құрылым –  осы ұсынысымыз жүзеге асып жатса, президенттіңІІ деңгейлі кадрлық жастар резерві болар деп үміттенеміз.

Қайым-Мұнар ТАБЕЕВ,

журналист-жазушы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз