Саясат

Президенттің кім болатыны 23-сәуірде белгілі болады

Биліктегі «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезді23-сәуір күні өтеді. Бұл туралы тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢбаспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің кім болатыны 23-сәуірде белгілі болады

«Нұр Отанпартиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс партияның XIX жиыныныңөтуі туралы қаулыға қол қойды», — делінген хабарламада.

Қазақстандық сарапшылар бұған дейін «Нұр Отан» ұсынғанкандидаттың жеңіске жететінін айтқан-ды. Жалпы билік партиясының кез-келгенсаяси науқанда жеңіске жететіні қалыпты жағдайға айналған.  

«Бұлсаяси науқан да сценариймен өтеді. Әкімшілік ресурстар араласады. Сайлауқорытындысы алдын ала белгілі болары анық. «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидатмемлекет басшысы болады. Әрине ендігі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сияқтытоқсан пайыздың үстінде дауыс жинай алмайды. Шамамен 65-75 пайыз иеленеді», -деген еді  саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ «Жас АЛАШ» тілшісіне.  

Естеріңізге сала кетейік, 9-сәуір күні Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 9-маусым күні сайлау өтетінін жариялаған еді. Өз үндеуінде бұны Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫМЕН ақылдасып шешкенін жасырған жоқ.

Фото: mix.tn.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз