Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:43, 16 Ақпан 2024

Президенттік кадр резервінің мақсаты қабілетті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту

Президенттік кадр
Фото: из открытых источников

Президенттік кадр резерві президенттің жаңа бастамасы. Оның мақсаты дарынды да қабілетті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту

Президенттік кадр резерві президенттің жаңа бастамасы. Оның мақсаты дарынды да қабілетті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту.

Оларды іріктеу арқылы резерв құру жастар арасындағы жоғары мораль мен кәсібилік тұрғыдан дамуға серпін береді. 2019 жылдан бері, соңғы бес жыл ішінде мелекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасқан ревервтік жастардың сан 270-ті құрайды. Оның 33-і саяси қызметтерді атқарып жүрсе, бесеуі «А» корпусындағы әкімшілік қызметтерде жүр.

Президенттік кадр резервіне 35 жастан аспаған, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгерген, жлғары білімі бар, еңбек өтілі 5 жылдан жоғары азаматтар мен азаматшалар қабылданады. Осы негізде 50 үздік үміткер іріктеліп алынады. Онда азаматтар 3 жыл тіркеліп тұрады. Осы уақыт ішінде олар конкурстық негізге сүйенбестен мемлекеттік қызметтерге орналаса алады. Бірнеше жылдан бері атқарылып келе жатқан жара осы жылы да жалғасын таппақ. Әрі өңірлік кадрлық резерв жасақталмақ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде айтты. Президент президенттік кадр резервінінің форумына қатысқан болатын. Отырыс басталмай тұрып, мелекет басшысына президенттік кадр резервіндегі жастардың бастамасымен жүзеге асып жатқан жобалар таныстырылды. Онда «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің ерекшеліктері мен жұмысы таныстырылды, Citix-тің экспорттағы мүмкіншіліктері мен аталған өнімнің сыртқы нарыққа шығу потенциалы айтылды, «eAkimat365» платформасы арқылы бюджетті оңтайлы жоспарлау мен тиімділігін арттыру жағы сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың мұндай жаңа ізденістері мен жұмыстарын, олардың нәтижелілігін жоғары бағалап, ізденістеріне ризашылығын білдірді. Әрі мұндай тың бастамалар әрдайым мемлекет тарапынан қолдау табатынын айтты. Сол себептен де білімді, отансүйгіш, ойлай да, жасай да білетін жастар мемлекеттік басқару ісіне белсене арасласуы керек.

«Президенттік кадр резерві табанды да ұшқыр жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Қазіргі таңда құрамда 400 маман бар. Оның 270-і орталық және жергілікті билік құрылымдарына жауапты қызметтерге тағайындалды. Олардың көбісі квазимемлекеттік секторларда, бизнесте жүр. Елде қазір өте үлкен реформалар жүргізіліп жатыр. Біздің мықты жастарымыз осы орайда қоғамның қозғаушы күші ретінде осы өзгерістердің тірегі болуы керек», – деді президент.

Жобаның тиімділігі мен жемісі көрініп жатыр. Енді алдағы уақытта өңірлік кадр резерві жасақталады деп жоспарлануда.