Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:23, 03 Маусым 2024

Президенттің туыстарына тиесілі емес ойын-сауық мекемелеріне рейд күшейді

s
Фото: из открытых источников

Ашхабадта 20 мамырдан бері республика президенті Сердар Бердімұхамедовтің туыстарына тиесілі емес кафе, мейрамхана, караоке клубтар мен түнде жұмыс істейтін басқа да ойын-сауық мекемелеріне тұрақты түрде рейд жүріп жатыр. 

Turkmen.news мәліметінше, Түркіменстанда 23:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салынған. Алайда караоке-барлар мен дискотекалардың иелері жергілікті полиция қызметкерлеріне аптасына 10-15 мың манат (500-750 доллар) көлемінде пара беру арқылы шектеуді айналып өткен. Алушылар соманың көп бөлігін басшыларына аударған.

Бұл ретте учаскелік полиция қызметкерлерінің міндетіне барлар мен дискотекалардың иелеріне алдағы тексеріс туралы алдын-ала ескерту айтылады. Осыдан кейін кейбір мекемелер музыка мен жарықты өшіріп, полиция тексеруі аяқталған соң, жұмыстарын қайта бастаған.

Ал, 20 мамырдан кейін тексеру тәртібі өзгеріп, учаскелік полицейлер ескертусіз келген. Нәтижесінде, мекеме басшыларына 600 манат (30 доллар) айыппұл салынып, қонақтарын шығарып салуға мәжбүр болды. Ал егер мекемеде алкоголь сатуға лицензиясы жоқ болса (олардың барлығында дерлік жоқ), айыппұлға тағы 1000 манат (50 доллар) қосылады, оған қоса барлық алкоголь тәркіленеді.

Рейдтер президент Сердар Бердімұхамедовтің туыстарына тиесілі мекемелер желісіне әсер етпейді, деп жазады басылым.

Мысалы, «Копетдаг» мейрамханасы мен түнгі клубы, оның еншілес кәсіпорны «Копетдаг пицца», «Ашхабад» демалыс орталығы, «Чатма» және «Магат» мейрамханалары күні-түні дерлік жұмысын жалғастыруда. Олардың барлығы Түркіменстан президентінің  туысқан әпкесінің күйеуі Шихмұрат Шахарлиевке тиесілі. Ол елдегі жалғыз ұялы байланыс операторы «Алтын Асырдың» бас директоры.

Фото: turkmen.news

Тегтер: