Саясат

Президеттің қызы түрмеде көппен бірге отыр

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам КАРИМОВТЫҢ қызы Гүлнар КАРИМОВАТашкент облысы Зангиат ауданыдағы әйелдерге арналған түзету мекемесінде жазасынөтеп жатыр.

Президеттің қызы түрмеде көппен бірге отыр

Бұл туралы сотталушының адвокаты Грегуар МАНЖА өзінің twitter жаздыдеп хабарлайды Азаттық радиосыныңөзбек қызметі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Гүлнара КаримованыңТашкент облысы Зангиат ауданындағы әйелдер колониясында екенін растады. ГүлнарИСЛАМҚЫЗЫНА түрмеде ешқандай артықшылық берілмеген, қатардағы сотталушы ретіндежазасын өтеп жатыр екен.

2017 жылдың 18желтоқсанында он жылға бас бостандығынан айрылған Гүлнар Каримова 2018 жылдыңшілде айында бес жылға үй қамаққа ауыстырылған болатын. 46 жастағы сотталушыжазасын тұрғылықты жерінде өтеуі тиіс еді. Сондай-ақ, үйден шықпай жәнеинтернет және басқа да байланыс құралдарын пайдаланбауы керек еді. Алайда, 5наурыз күні Гүлнар Каримова түрмеге тоғытылды.

Фото: ca-portal.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз