Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:27, 27 Желтоқсан 2023

Психикалық ауытқуы болуы мүмкін: Ер адам төрт баласы мен әйелін аяусыз өлтірген

полиция
Фото: из открытых источников

Парижде рождество күні пәтерден әйел мен оның төрт баласының денесі табылды. Балалардың кішкентайы тоғыз айлық болған. Қылмысқа әкелері күдікке ілінді. 

Деректерге сай, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

"Екі ұл мен екі қызды қосқанда бес адамның денесі табылды. Соның нәтижесінде олардың өлтірілуіне қатысты тергеу басталды. Басты күдікті сейсенбі күні жақын маңдағы үйден табылған 33 жастағы әкесі болуы мүмкін”, – деді прокурор Жан-Батист Бладиер.

Пәтерден табылған балалар жасы он, жеті, төрт және тоғыз айлық болған. Құрбандар мен күдіктінің есімдерін француз билігі әзірге жариялаған жоқ.

"Көптеген пышақ жарақаттары дененің алдыңғы және артқы жағында, төменгі және жоғарғы бөліктерінде кесілген жерлер анықталды. Төрт жасар бала мен тоғыз айлық баланың көзге көрінетін жарақаттары жоқ, - деді Бладиер.

Прокурордың айтуынша, бұл балаларды суға батырып немесе тұншықтырып өлтіруі мүмкін.

Тергеу деректерінде, ұсталған ер адам бұрын отбасында зорлық-зомбылық көрсету мен психикалық ауруға шалдыққаны туралы көрсетілген. Бұрын оның үстінен қозғалған қылмыстық іс ақыл-есі кем деп танылған соң жабылған. 2017 жылы ол психиатриялық ауруханада ем алып, психикалық проблемаларға байланысты дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдаған.