Қоғам

Путин Қырғызстанда жаңа университет кампусын салу туралы заңға қол қойды

Владимир Путин Қырғыз-Ресей Славян университетінің жаңа кампусын салу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл оқу орны Борис Ельциннің есімімен аталады.

Путин мен Жапаров

Құжатқа сәйкес, Ресей тарапы кампустың құрылысын толық өз мойнына алып, оны қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді. Ал Қырғызстан кемінде 30 гектар жер бөліп, оны университетке тұрақты әрі тегін пайдалануға береді.

Сондай-ақ ел билігі құрылыс жүргізілетін аумаққа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымды тартуға міндеттенеді.

Айта кетейік, жаңа кампус салу туралы келісім 2023 жылы Путиннің Бішкек қаласына жасаған сапары кезінде жасалған.

Бұған дейін, сәуір айында Ресей Мемлекеттік думасы бұл заң жобасын талқылап, бірқатар депутаттар қарсы шыққан. Олар Қырғызстан билігін орыс тіліне қатысты саясат үшін сынға алған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз