Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:26, 21 Мамыр 2024

Путин Өзбекстанға барады

g
Фото: из открытых источников

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

21 мамырда Путин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар алдағы мемлекеттік сапарға дайындық барысы мен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Ресей президенті өзбек әріптесімен жақында Бейжіңде Қытай басшылығымен өткізген келіссөздерінен алған әсерімен бөліскені айтылған.

«Екі тарап та Ресей мен Өзбекстан арасындағы одақтық және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі дәйекті түрде нығайтуға ниетті екенін растады», - деп хабарлады Кремль.

Мемлекеттік сапардың нақты күні жарияланған жоқ.

Мирзиеевтің баспасөз қызметі екі президенттің телефон арқылы сөйлескені туралы баяндамасында алдағы мемлекеттік сапар туралы айтпады.

«Өзбекстан мен Ресей басшылары саммиттің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. Тауар айналымын ұлғайту, жетекші кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру және мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілету мәселелеріне, оның ішінде өңіраралық байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударылды», - делінген өзбек тарапының хабарламасында.

Фото: Глеб Щелкунов, Коммерсантъ