Путин Ресей армиясының санын 180 мың адамға көбейтті
Путин соңғы екі жылда үшінші рет Ресей армиясының санын тағы да ұлғайтты.
Президент Путин өз жарлығымен Ресей Қарулы Күштерінің штаттық санын 2 миллион 389 мың 130 адамға дейін ұлғайтты, бұл санға 1,5 миллион әскери қызметкер кіреді («оның ішінде 1 миллион 500 000 әскери қызметкер», - делінген құжатта). Жарлық 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Путин өткен жылдың желтоқсан айында Ресей армиясының штаттық санын 2 209 130 адамға, оның ішінде 1 320 000 әскери қызметкерге дейін арттырды. Осылайша, тағы 180 мың әскери қызметкер болады.
2022 жылдың тамызында, Украинада соғыс басталғаннан кейін алты ай өткен соң, Ресей Қарулы Күштерінің штаттық саны 1 150 628 әскери қызметкерге дейін ұлғайтылды. Ол кезде Ресейде 2017 жылғы қаулы күшінде болды - оған сәйкес штат 1 013 628 әскери қызметкер болуы керек еді, бұл көрсеткіш соғыстың басында өзекті бола түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның Сыртқы істер министрлігі 45 үндістандық заңсыз түрде Ресей армиясына қосылуға және Украинаға қарсы майданда соғысуға мәжбүр болғанын мәлімдеген болатын.