Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 25 Шілде 2024

Путин Сирия президентімен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

d
Фото: РФ баспасөз қызметі

Ресей президенті Владимир Путин Сирия президенті Башар Асадпен кездесті. Кездесу 24 шілде күні кешке өтті, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Кездесуде Путин мен Асад Таяу Шығыстағы жағдайды, сондай-ақ Ресей мен Сирия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды талқылағаны айтылады.

«Әрине, жалпы өңірдегі жағдайдың қалай дамып жатқаны туралы сіздің пікіріңіз мені қатты қызықтырады. Өкінішке орай, нашарлау үрдісі бар, біз оны көріп отырмыз. Бұл Сирияға да тікелей қатысты», - деді Путин Асадқа.

Кремльдің баспасөз қызметі кездесудің алғашқы минуттарының видеосын да жариялады.

Асад аталған кездесудің Мәскеу мен Дамаск арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 80 жылдығына орайластырылғанын атап өтті.

Башар Асад пен Владимир Путиннің соңғы кездесуі 2023 жылдың наурыз айында өткен. Одан кейін Ресей мен Сирия президенттері лаңкестікпен күрес саласындағы әріптестік пен екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамытуды талқылады. Бұл кездесуде Асад Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруін қолдап, оны «неонацистер мен ескі нацистерге қарсы соғыс» деп атады.