Путин сотталғандарды соғысқа жіберуге рұқсат беру туралы заңдарға қол қойды
Ресей президенті Владимир Путин сотталғандармен әскери келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін екі заңға қол қойды. Тиісті құжаттар ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланған.
Бірінші заң жұмылдыру (мобилизация) немесе істері бірінші сатыдағы сотта қаралатын сотталушылар әскери қызметін соғыс уақытында өтеу туралы шарт жасасуға рұқсат береді.
Екінші заң жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылған немесе Қорғаныс министрлігімен келісім-шарт жасасқан сотталушыларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік береді. Әскери қызмет өткеру кезеңінде мұндай тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылады және бұлтартпау шарасы жойылады.
Сотталушылар мемлекеттік награда алған немесе жасына, денсаулығына байланысты, жұмылдыру мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен босатылғаннан кейін немесе соғыс жағдайы жойылғаннан кейін қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылуы мүмкін.
Мемлекеттік Дума тиісті заң жобаларын 18 қыркүйекте бірінші оқылымда, ал 24 қыркүйекте екінші және үшінші оқылымда мақұлдады. Мемлекеттік Дума енді Қорғаныс министрлігімен келісімшартты тергеуде жүргендер немесе бұрын сотталған азаматтар жасай алады деп түсіндірді. Қабылданған заң жобалары бұл механизмді жауапкерлерге де таратады.