Путин Тоқаевті Жеңіс күнімен құттықтады
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 81 жылдығына орай Жеңіс күніне байланысты құттықтау жолдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресей тарапынан жіберілген құттықтау хатында Путин миллиондаған адамның құрбандығы арқылы Жеңіске жол ашылғанын айтқан.
Сондай-ақ ол бірқатар елдердің басшыларына, соның ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттеріне де құттықтау жолдаған.
Путин құттықтауында ардагерлерге денсаулық, ұзақ ғұмыр және рухани қуат тілеген. Сонымен қатар кейбір елдер халықтарына соғыс жылдарындағы тарихи оқиғаларды ұмытпай, достық пен өзара көмек дәстүрін сақтауға шақырған.