Без Категории

Путиннің қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапары қай мемлекет болады?

Кремль Путиннің инаугурациядан кейінгі алғашқы шетелдік сапары қай мемлекетке болатынын жариялады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

f

Владимир Путин бесінші рет президенттікке кіріскеннен кейін алғашқы шетелдік сапарын Қытайға жасайды. Қытайға мемлекеттік сапар 16-17 мамырға жоспарланған.

«Ресей мен Қытай басшылары жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл мәселелерінің барлық кешенін егжей-тегжейлі талқылайды, ресейлік-қытайлық практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды, сондай-ақ ең өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасады», - делінген Кремль хабарламасында.

Сапар қорытындысы бойынша екі мемлекет басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қояды деп күтілуде.

Meduza мәліметінше, алғашқы үш президенттік мерзімінің басында Путин көршілес елдерге - 2000 жылы Беларуське, 2004 жылы Украинаға және 2012 жылы тағы да Беларуське барды. Путиннің төртінші мерзімдегі алғашқы мемлекеттік сапары 2018 жылдың маусым айында Австрияға болды.

Фото: Сергей Бобылев / ТАСС

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз