Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:37, 17 Сәуір 2024

Путиннің курстасы Ресей жоғарғы сотының басшысы болып бекітілді

в
Фото:

Путиннің курстасы Ирина Подносова Жоғарғы соттың басшысы лауазымына бекітілді. Оның кандидатурасын Жоғарғы сот төрағаларын алты жыл мерзімге тағайындайтын Федерация кеңесі мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының басшысы лауазымына конкурс 1991 жылдан бері осы қызметті атқарған Вячеслав Лебедев қайтыс болғаннан кейін 1 наурызда жарияланған болатын. Подносова жалғыз үміткер болды.

Ирина Подносова 1975 жылы Владимир Путинмен бір мезгілде Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Судья болған жылдары ол Ленинград облыстық сотын және жалпы юрисдикцияның екінші апелляциялық сотын басқарды.

2020 жылы Подносова Ресей Федерациясы Жоғарғы соты төрағасының орынбасары болды. Содан кейін «Коммерсант» оның арбитраждық жүйеге ешқандай қатысы жоқ екенін, бірақ ықпалды адам болып саналатынын «өйткені оның артында кім тұрғанын бәрі түсінетінін» жазды.

Фото: ria.ru

Тегтер: