Саясат

Қайрат Мәмидің күйеу баласы - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Үкіметте жаңа тағайындаулар. Біздегі қалыптасқан салт бойынша жаңа министрлік те құрылды.

Қайрат Мәмидің күйеу баласы - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Мәселен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жарлығымен Инвестициялар және даму министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму болып жаңарып, оның басшылығына Жеңіс ҚАСЫМБЕК тағайындалды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып келген Бейбіт АТАМҚҰЛОВ сыртқы істер министрі болса, үкімет басшысы Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ орынбасары Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ енді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтында жарияланды.Асқар Қуанышұлы 1972 жылы Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. 46 жастағы министр Свердловскідегі Суворов атындағы әскери училищенің түлегі. Харьковтегі жоғарғы әскери училищеде радио инженер мамандығы бойынша білімін жалғастырған. Алайда, КСРО-ның ыдырауына байланысты Алматыдағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіне ауысқан.1996–1998 жылдары «Жарық» ЖШС бас директорының қызметін атқарған;1998–1999 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі ретінде еңбек еткен;1999–2000 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы болған;2000 жылы «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы» РМК-да басқарма басшысы ретінде жұмыс істеген;2001–2003 жылдары – ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы;2003–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;2004–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.;2005–2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;2006 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қызметін атқарған;2006–2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ президенті;2010–2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;2012–2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған;2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;2014–2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.Коллаж: zhasalash.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз