Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 29 Қараша 2021

Қарағанды облысында орталық сумен қала тұрғындарының 98%-ы қамтамасыз етілген

None
None

Қарағанды облысында орталық сумен қала тұрғындарының 98% және ауыл тұрғындарының 89,9% қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламалар өңірдің шалғай елді мекендерінде де су мәселесін шешуге көмектеседі. Сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін 35 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес келесі жылы Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталады. Бұл Жезқазған тұрғындарын Қожамсейіт кен орнынан сапалы сумен қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Биылғы жылы Сәтбаевты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін Эскулинск су тартқышы іске қосылды.

Облыста газдандыру жалғасуда. Табиғи газ Қарағанды өңірі тұрғындарының 3 мың үйіне жеткізілді. Жақында Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанның алғашқы абоненттерін газбен жабдықтауға қосу басталады. Тариф бір текше метр үшін 40,8 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Саран қаласына газ құбыры салынуда, жұмыстарды желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Наурыз айынан бастап Жаңаарқа, Осакаров аудандарында және Шахтинск қаласында желілер құрылысы басталады.

Тегтер: