Без Категории

Қарқаралыдағы өрт аумағы бес есе ұлғайды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өрт аумағы бес есеге ұлғайып, бір тәулікте 2700 гектарға жетті.

Қарқаралыдағы өрт аумағы бес есе ұлғайды

Өртенген аумақтың мың жарым гектары мемлекеттік орман қорына кіреді. Бұл туралы 14 тамызда ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ орынбасары Юрий Ильин 14 тамызда өткен брифингіде Қарқаралы ауданындағы жағдайдың қиындағанын айтты. Оның сөзінше, өртті сөндіруге орман шаруашылығы комитетінің, жергілікті әкімдіктің және ІІМ бөлімшелері тартылған.

12 тамызда Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қураған шөп өртеніп, жалын Бақты орманына қарай өткен.

13 тамызда Қарқаралы ауданы әкімдігі аймақта төтенше жағдай жариялаған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз