Live

ҚМА PINCO және Pin-Up онлайн-казиноларының иелеріне іздеу жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей азаматы Дмитрий Пунин мен Украина азаматы Марина Ильинаға іздеу жариялады.

Дмитрий Пунин и Марина Ильина

Агенттік мәліметінше, 1985 жылғы 8 ақпанда туған Пунин мен 1989 жылғы 11 ақпанда туған Ильинаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленген.

Олар қазақстандық қолданушыларға бағытталған Pinco және Pin-Up интернет-казиноларының заңсыз қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер бақылауындағы компаниялар, төлем ұйымдары мен банк құралдары арқылы халықаралық қаржы инфрақұрылымын құрған. Оның Қазақстандағы негізгі буыны PIN-UP.KZ брендімен букмекерлік қызмет көрсетуге лицензия алған "Бонами" ЖШС болған. Алайда тергеу дерегінше, заңды букмекерлік бизнес интернет-казино қызметін бүркемелеу үшін пайдаланылған.

Қаржы операцияларын жүргізу үшін сатып алынған төлем ұйымдары, іс жүзінде басқаруға қатыспайтын номиналды басшылар мен банк терминалдарының желісі іске қосылған. Бұл құрылымның жұмыс істеуіне қаржы секторы өкілдері де жәрдемдескені айтылады.

Нәтижесінде әртүрлі банктер мен қаржы ұйымдарында 24 төлем терминалынан тұратын желі құрылған. Оның 14-і ақша қабылдауға пайдаланылған. Қаржы операцияларының жалпы көлемі 106 млрд теңгеден асқан.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды +7 7172 70 84 78 нөмірі арқылы агенттіктің кезекші бөліміне хабарлауға шақырды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз