Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық инвестор сатып алды
Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық инвестор сатып алды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумында мәлімдеді.
«Вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік береді», - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын екенін айтты.
– 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады. Біз Қазақстандағы мыс және фосфат кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отырған Indorama компаниясымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға үлкен үміт артамыз, – деді Президент.
Фото: Qazaq Air