Саясат

«Қазақстан орыстікі»

Кеше 17-наурыз күні Татарстан астанасы Қазақ қаласында «Ресей территориясының тұтастығы, әлеуметтік әділеттілік және бағыт» атты митинг өтті.

«Қазақстан орыстікі»
Бұл туралы Жас АЛАШ idelreal.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Солшылдар ұйымдастырған бұл жиынға жүзге жуық адам жиналған. Полиция сырттай бақылап тұрыпты. «Біз Совет одағы қалсын деп референдум өткізген күні жиналдық. Ресей территориясының тұтастығы мен әлеуметтік әділеттілік үшін митинг өткізіп жатырмыз. Сөз бостандығы, лайықты білім, медицина, сот жүйесі үшін шығып тұрмыз. Азаматтық қоғамның құндылықтары сақталу тиіс», — деп сөз бастады акцияның ұйымдастырушысы Евгения ИСЛАМОВА. Қызығы, демократиялық құндылықтарды талап еткен топ советтік кездің орақ пен балғасын және Ресей империясының символикаларын ұстап шықты. "Қырымның Ресейге қосылғанына бес жыл болды", деп те ұран да тастады. «Ресей айналасындағы территориялар орыс халқына тиесілі. Сондықтан оларды сақтап қалуымыз керек. Қазақстан орыстікі. Біздің қазақтарға ешбір қарсылығымыз жоқ. Қазақстан – казактар мекені. Түсінесіздер ме, айналаның бәрі біздің жер. Біз оны бермеуіміз керек», — деді «Орыс мәдениеті» қоғамының төрағасы Михаил ЩЕГЛОВ. Фото: nazaccent.ru
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз