Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
20 қыркүйекте Румыниямен кездеседі.
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінде Нидерландымен кездесті.
Сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
ӘЧ іріктеу. Элиталық кезең
Нидерланды — Қазақстан (0:2)
Гол соққандар: Эдсон 3 (0:1), Дуглас 27 (0:2)
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 20 қыркүйекте Алматыда өткізеді. Қарсыласы — Румыния құрмасы.