Без Категории

Қазақстан шетелдіктерге арналған 72 сағат визасыз жүру режимін уақытша тоқтатты

Қазақстан транзиттік жолаушыларға арналған 72 сағат визасыз жүру режимін 1 шілдеге дейін тоқтатты деп хабарлады primeminister.

Қазақстан шетелдіктерге арналған 72 сағат визасыз жүру режимін уақытша тоқтатты

kz сайты. Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы халықаралық әуежайы арқылы ұшқан Қытай және Үндістан азаматтарының елде 72 сағат визасыз жүру мүмкіндігі болған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келген азаматтарды әуежайда шекара қызметі тіркеп, көші-қон карточкасын беруі тиіс болған.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 284 адамнан коронавирус табылған. Нұр-Сұлтанда — 167, Алматыда — 70 адамнан вирус табылған. 20 адам айыққан. 1 адам қайтыс болған.

16 наурызда елде төтенше жағдай жарияланып, қазір сегіз қала карантинге жабылған.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз