Әлеумет

Қазақстанда жаңа АЭС құрылысы келесі жылы басталуы мүмкін

Қазақстандағы атом электр станцияларын ұзақ мерзімге уран шикізатымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік стратегиялық қор құру мәселесін жан-жақты қарастыру қажет.

АЭС

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай қор елдегі АЭС-тердің қажеттілігін алдағы жүз жыл бойы өтеуге мүмкіндік береді.

Президент атом энергетикасын дамытудың маңызын атап өтіп, шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістер ашуға, ядролық энергетика саласындағы тәжірибені бөлісуге және отандық мамандар даярлауға тарту керектігін айтты. Мұндай ұсыныстарды ресейлік және қытайлық компаниялар білдіріп отыр.

Мемлекет басшысы келесі жылы "Балқаш" АЭС-інің құрылысын бастау мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ "Мойынқұм" АЭС-інің құрылысын жедел бастау үшін кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды ұсынды.

Сонымен бірге Президент шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізгенде Қазақстанның ұлттық мүддесі басты назарда болуы керектігін ескертті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз