Экономика

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр.

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды, — деп хабарлайды  Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚР Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:

Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

  • АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;
  • АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

Жоба 24 наурызда жарияланып, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз