Қазақстанда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер босатылды
Қазақстанда есірткіге қатысты іс бойынша ұсталған ресейлік рэпер Наваи Бакиров, яғни Navai, қамаудан босатылып, елден шығуына рұқсат берілді.
Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Шешім қабылдау кезінде өнер иесінің құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын жүректен өкінгені ескерілген.
Еске салайық, Navai 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кіріп келе жатқанда "Қордай" өткізу пунктінде ұсталған. Көлікті тексеру кезінде тыйым салынған зат табылып, рэперге есірткі контрабандасы бойынша күдік келтірілген.
15 қазанда сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Осыдан кейін музыкант Тараздағы тергеу изоляторына қамалған.
Рэпердің ұсталуына байланысты Астанада жоспарланған концерті де тоқтатылған.